Елорда тынысы

Тұрғындар талабы ескерілді

Ақпан айында «Лея Сарыбұлақ» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылу мен су ақысын төлеу үшін жеке шот аша бастайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов мәлім етті.

[smartslider3 slider=2019]

«Аудан әкімдігінде өткен жиында Сарыарқа ауданы тұрғындарының ескертулерінен кейін аталған тұрғын үй кешеніне барып қайттым. Пәтер иелерімен келісім-шарт бір жылдан астам уақыт бойы жасалмаған. Ведомстволар, үй салушы компания және МАҚБ өкілдері қатысқан әңгімеден кейін барлық түйткілді мәселелерді жедел шешуді тапсырдым» ­деді ­­­­Е. ­Ка­налимов.

Сондай-ақ ол 2016 жылдан бері құрылысы аяқталмаған «Пана» тұрғын үй кешеніне барып, құрылыс жұмыстарымен танысты. 2019 жылдан бастап бұл нысанның құрылысы жеке инвес­торларды тарту арқылы жүргізілуде. Дегенмен, ол баяу қарқынмен салынып жатыр. Е.Каналимов жауапты бөлімдерге тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында қалыптасқан жағдайды шұғыл қарауды тапсырды.

Ол өзі аралаған нысанға жақын маңдағы үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізіп, аулалардың жанынан автотұрақ салуды ұсынды. Іргелес аумақтарды абаттандыруды тұрғындардың өздері  «Қатысу бюджеті» жобасы аясында шеше алатынын түсіндіріп берді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button