Елорда тынысы

Тұрғындар талабын тыңдады

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Теміржолшылар елді мекенінің ­тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындар электр, сумен жабдықтау, кәріз, жолдар мен тротуарлар салу, қосымша маршруттарды іске қосу, интернет және т. б. мәселелер қозғалды.

– Қаланың аудандары мен елді мекендерінің тұрғындарымен кездесуді әрі қарай жалғастырамын. Әрбір елді мекеннің өзіне тән күрделі әрі жүйелі проблемалары бар. Электр энергиясы – Теміржолшылар елді мекенінің негізгі мәселесінің бірі. Осыған дейін «Қазбек» қосалқы станциясы бойынша жұмыс басталған болатын. Біз жобаға енгізілетін түзетуді жазда аяқтап, келесі жылы қосалқы электр станциясының құрылысын толығымен іске қосуды жоспарлап отырмыз. Су қысымы бойынша халық өсімін ескерер болсақ, қалада қосымша су көлеміне қажеттілік бар. Жаңа ауыз су станциясының құрылысы қазір аяқталу сатысында тұр, мамыр айында іске қосылады, ал 3-ССС тамыз айына дейін толық қуатта жұмыс істеу тәртібіне көшеді. Осылайша, су мәселесі тек елді мекенде ғана емес, бүкіл қала бойынша шешіледі, – деді қала әкімі.

Тұрғындар емдеу-денсаулық сақтау мәселесі мен қоғамдық көлік туралы да өтініш айтты.

«Емдеу-денсаулық сақтауға қатысты мәселені пысықтап жатырмыз. Бұдан бөлек, биыл дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталады. Оның базасында спорт және шығармашылық үйірмелер ашылады. Сонымен қатар, жазда кезең-кезеңімен жаңа автобустар жеткізіле бастайды. Биыл 500-ге тарта автобус (оның ішінде жеке инвесторларды жұмылдыру ескеріледі) жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл тұрғындар үшін автобустардың күту уақытын қысқартуға, олардың желідегі санын арттыруға, жаңа маршруттарды іске қосуға мүмкіндік береді. Көтерілген мәселелерді шешу жұмысы қолға алынды, оларды іске асыру уақыты туралы хабардар етеміз» деді Жеңіс Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button