Қала мен Сала

Тұрғындар тілегімен тұрғызылуда

Елордада «Халық қатысатын бюджет» жобасы 2019 жылдан бері іске асырылып келеді. Табысты бастамаға атсалысу үшін биыл қаңтардың 20-сынан бері қала тұрғындарынан өтінімдер қабылдануда.

Алғаш рет Сарыарқа ауданында іске қосылған бағдарлама аясында тұрғындар аулаларға күрделі жөндеу жүргізумен бірге гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық кеңістіктер салу, аумақтарды көгалдандыру және т.б. өздерінің тың ұсыныстарын әкімдікке тікелей жолдай алады. Өтінімдер 1 наурызға дейін қабылданады.

Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және дамыту бөлімінің бас маманы Бағжан Сәбденовтің айтуынша, бүгінге дейін аудан тұрғындарынан келіп түскен 54 бастама іске асырылды. 2022 жылы аудан бойынша 70 өтінім берілсе, олардың 23-і сараптамалық кеңестің шешімімен мақұлданды. Жоба шарты бойынша  қатысушылар нақты өзгерістерді және жобаға қажетті соманы көрсете отырып, жоспарын әзірлеуі керек. Дайын жоспарды қала тұрғындары аудан әкімдігінің ресми сайтына жүктейді.

– Наурыздың 2-сінен сәуірдің 5-іне дейін сараптама комиссиясы түскен жобаларды талдайды. Техникалық сараптама және өтінімдерді талдау кезеңінен өткеннен кейін, сәуірдің 6-сынан 24-іне дейінгі аралықта 18 жасқа толған барлық елордалықтар жоба бойынша дауыс бере алады. Сізге ұнайтын жобаны таңдау үшін ЭЦҚ көмегімен аудандық аппараттың сайтына кіріп, дауыс беру керек. Бір тұрғын тек бір жобаға дауыс бере алады, – деді Б.Сәбденов.

Жоба әр тұрғынға ауданды дамыту үшін өз бастамаларын ұсынуға мүмкіндік берді.

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша өткен жылы Алматы ауданында тұрғындар ұсынған 23 жоба іске асырылды. Жөндеу жұмыстарының арқасында аулаларда 12 ойын және спорт алаңдары пайда болды, шағын архитектуралық нысандар, 3 футбол алаңы орнатылды, энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдармен 505 жаңа жарықтандыру тіректері орнатылды, 1417 ағаш отырғызылды.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button