Елорда тынысы

Тұрғындардың айтары аз емес

Қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов пен Алматы ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қалалық мәслихат депутаттары белсенді тұрғындармен кездесті. Кездесуде ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты маңызды мәселелер көтерілді.

[smartslider3 slider=2106]

 

Кездесуге Алматы ауданының әрбір тұрғындар алабы мен елді мекендерінің өкілдері қатысты. Тұрғындар тез арада шешуді қажет ететін негізгі проблемаларды жеткізді.

Аталған түйткілді мәселелердің көпшілігі инфрақұрылымды дамытумен байланысты, оның ішінде: жол жөндеу, тротуарлар салу, электр желілері мен кәріздер жүргізу, сумен жабдықтау, газдандыру, электр энергиясының тариф­тері, интернет мәселесі, сыртқы және аулаішілік жарықтандыру, көгалдандыру, тұтастай алғанда, ауданды абаттандыру. Сонымен қатар тұрғындар балабақша, емхана, дене шынықтыру-сауықтыру кешені және жылы аялдама салу туралы тілектерін білдірді.

Алматы ауданының белсенділері көтерген проблемалардың бәрі қалалық мәслихат депутаттарының назарына алынды. Екі сағаттық талқылау барысында қалалық мәслихат депутаттары алдында тез арада шешуді талап ететін ең өткір мәселелер қозғалды. Айтылған проблемалар бойынша мұқият талдау жүргізіледі.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button