Жаңалықтар

Тұрғындардың көмегі көп

ppp

Елордада қоғамдық тәртіпті сақтау, ұсақ-түйек бұзақылықты алдын алу жағынан полицейлерге қала тұрғындары да ерекше көмек көрсетуде. Сақшылардың тұрғындар арасынан шыққан көмекшілерінің саны әзірге – 730.

Биыл Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы қоғамдық көмекшілердің көмегімен тыйым салынған орындарда темекі шегудің 150 дерегін анықтаған. Қоғамдық көмекшілер, сондай-ақ, 100-ден астам ұсақ бұзақылық пен 15 қылмыстың ізін суытпай ашуға көмектескен.
Әрине, полицейлерге қол ұшын берушілер құр алақан қалмайды. Оларды ынталандыруға елорда әкімдігі жыл сайын 13 миллион теңге бөледі. Осы қаржыны Астана қаласының Ішкі істер департаменті қылмысты ашуға белсенділік көрсеткен азаматтарға жұмсап, тоқсан сайын
14 мың теңгеден сыйақы беруді дәстүрге айналдырды. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 200-ден аса қоғамдық көмекші 3 миллион тең­гемен марапатталған.
Лариса КРАСНИКОВА,
Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button