Құқық

Тұрғындардың қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Астана қаласының Полиция департаментінде өткен көшпелі кеңесте қала тұрғындарын алаңдатқан қауіпсіздік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Наркобизнес пен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды алдын алу мәселелері қозғалды. Биылғы жылдың 10 айында құқық қорғаушылар 345 наркоқылмыс тіркеген, бұл өткен жылдың деңгейінен екі есеге артық. Есірткелерді насихаттау ғаламтор кеңістігінде белсенді жүріп жатыр.
Қазіргі таңда 197 наркосайт бұғатталды. Сонымен қатар, 147 әлеуметтік жағынан осал отбасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Құқық қорғаужәне мемлекеттік органдармен бірлесіп келесі мәселелер бойынша шешім қабылдаймыз: наркотиктерді сату сайттарын бұғаттау; көңіл көтеретін газды айналымда бақылауды күшейту; есірткі қолдануды анықтау мақсатында тестілеу жүргізу, сондай-ақ, мектептердің бірінде жасырын сауалнамалар арқылы есірткі тұтыну жағдайларын анықтау.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button