Жаңалықтар

Тұрғындардың шағымын тыңдады

Кеше Астана қаласы Кәсіподақ орталығының қоғамдық қабылдауы өтті. 

Оған қатысқан ҚР Кәсіподақтар федерация­сының және қалалық кәсіподақ орталығының басшы­лығы, қалалық мәслихат, елор­далық прокуратура, Еңбек, әлеу­меттік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, сондай-ақ, түрлі қалалық мекемемелердің кәсіподақ өкілдері қала тұрғын­дарының шағымдарын тыңдап, тиісті кеңестерді берді.
Алғашқы болып қабылдауға «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметкерлері Сәуле Чубаева, Алтынай Қосақова және Салтанат Шыныбекова кірді. Біріншісі «Саранда» тұрғын үй кешенінен шыға берісте бағ­даршам орнатылуын сұрады. Оның айтуынша, сол маңда бағ­даршамның жоқтығынан адам­ның өміріне қауіп төнетін жағдайлар жиі орын алады.
«Кейінгі кезде Астанада авто­көліктің көбейгені баршаға мә­лім. Көтерген мәселеңізді жол полициясына, атқарушы ор­ган­­дарға жеткізіп, шешуге ты­­ры­самыз» деді Астана қаласы Кәсіподақ орталығының төрағасы Сәрсенбай Мыңбаев түйткілдің ескерусіз қалмайтынына сендіріп.
Екіншісі болса, Еңбек келісім­шартын бұзу, жұмысшыны зейнеткерлік жасқа жеткен соң жұмыстан босату, жұмыскерді тиісті қызметті дұрыс атқар­мағаны үшін екінші мәрте жа­уапкершілікке тарту, өтемақы төлеу, белгілі бір адаммен Еңбек келісімшарты бұзылған соң жұмыспен қамту органдарына хабарлау немесе хабарламау сынды бес мәселе бойынша кеңес сұрады. Салтанат Шыныбекова жаңа жұмыс кестесіне көшу жөнінде сұрақ қойды.
Оларға аталған мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button