Елорда тынысы

Тұрғындардың талабын тыңдады

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Табиғат Зейнұлқабден Amanat партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдады.

Тұрғындармен кездесуде қаладағы және қала маңындағы автожолдардың сапасына қатысты ұсыныстар талқыланды. Онда көлік тежелу процесін жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа технологияны енгізу жөнінде ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар мүлік иелері бірлестіктерінің қызметіне байланысты пікірталас тудырған мәселелер, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына қатысу, тұрғын алаптарда емхана мен балабақша салу мәселелері және басқа да маңызды мәселелер қозғалды.

«Көпбалалы, жеті баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ананың өтінішін тыңдап, сондай-ақ елордалық жоғары оқу орындарының бірінің студентінен жастар саясатының дамуына қатыс­ты ұсынысты қарастырдық. Барлық айтылған мәселелер бойынша тиісті органдармен жұмыс жүргізіледі» деді Табиғат Зейнұлқабден.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button