#Жаңа Қазақстан

Тұрғындардың талабын жеткізеді

«Қазақстандықтардың экологиялық мәдениетін көтеру қажет» дейді байтақтықтар. Алматы қаласында жасылдар партиясының өкілдері, Мәжіліс пен қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер студенттермен бірігіп, экология­лық тәрбиенің маңызы жайында дөңгелек үстел өткізді.

Партия өкілдері қазақстандықтар арасында өткізген сауалнама нәтижиесінде халықтың тек 47 % қоршаған ортаның мәселелерін түсініп, экологиялық өмір сүру салтына көшу арқылы ғана оны шешуге болатынын түсінетінін анықтаған. «Байтақ» партиясының қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды іс-шараға Алматы жастарының жүзге жуық өкілі қатысты. Дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Арман Қашқынбеков пен Айнұр Сәбитова сөз сөйледі. Сонымен қатар, кездесуге елордалық мәслихаттың жасылдар партиясынан депутаттығына кандидаттар мен Астана қаласы штабының мүшелері, 18 жастан асқан жастар, студенттер мен қоғамдық пікір көшбасшылары қатысты. Кездесу барысында халыққа экологиялық білім беру жайында ұсыныстар әзірленіп, байтақтар осы тақырыпта жаңа жоба ұсынатын болады.

Елордадағы №2-сайлау округінде өткен кезекті кездесуде тұрғындар Арқаның алты ай қысында аулалардағы қалың қардың уақтылы күрелмейтінін, көктайғақ салдарынан көлік қатынасы қиындап, жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына қауіп төндіретініне қынжылыс білдірді. Сонымен қатар, күн жылына бастаса болды, еріген қар суынан көшелер көлкіп, аулалар мен балалар алаңқайында аяқ алып жүру мүмкін еместігін ашынып айтты.

«Қытымыр қыстың аязды күндерінде пәтерлердегі жылу деңгейі едәуір төмендеп, кейбір көпқабатты үйлердің тұрғындары бүрсең қағып шығады. Бұл аздай, ыстық су да тұрақты берілмей, алаңдаушылық туғызады».

№2 округ тұрғындарының осындай талап-тілегімен танысқан «Байтақ» партиясының белсенділері түйіні тарқамаған түйткілдерді ұдайы назарда ұстап, талайдан бері шешімін таппаған шетін мәселелерді жергілікті атқарушы биліктің алдына көлденең тартатынын жеткізді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button