Жаңалықтар

Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимов бастаған бір топ мәслихат депутаты Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесті. Үш сағатқа жуық созылған кездесуде жолдарды салу және жөндеу, су тасқынына қарсы шаралар, санитарлық тазалау, апатты үйлерді сүру және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

[smartslider3 slider=2256]

 

– Алдағы 4-5 айда елорданы дамытудың бас жоспарын түзету аяқталады. Бұл бағдарламалық құжат елорданың жақын болашақта қалай дамитынын көрсетеді. Онда елді мекендердің тұрмысындағы өзгерістерге, ескі үйлерді сүруге, жолдар мен көпірлерді салуға қатысты жұмыстар қамтылады, – деді Ерлан Каналимов.

Жиынға мемлекеттік органдардың, көлік және коммуналдық кәсіпорындардың бірінші басшылары мен өкілдері арнайы шақырылды. Көптеген проблемалы мәселелер сол жерде шешімін тапты. Сұрақтарға нақты түсініктемелер берілді.

Қатысушылардың көпшілігі белгілі бір ауданның ғана емес, жалпы қаланың өмірін жақсарту бойынша өз ұсыныстарын ашық айтты. Осы және басқа да мәселелер қалалық мәслихаттың жиындарында ғана емес, депутаттардың азаматтарды қабылдауда да талқыланатын болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button