Жаңалықтар

Тұрғындарға тиімді жәрмеңке

Елордада Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі өтті. Қарағандылық шаруалар елордалықтарға 600 тоннаға жуық 117 тауар түрін ұсынды.

Жәрмеңкеге 126 фермерлік және ауылшаруашылық кәсіпорын өз та­уарларын алып келді. Жалпы сомасы 750 миллион теңге болатын ауыл шаруашылығы тауары саудаланды. Олардың ішінде ет, көкөніс, сүт өнімдері мен құс еті, шұжыққа сұраныс жоғары болды.
Тамыз айынан басталған жәрмеңке арқылы елордалықтар арзан әрі сапалы азық-түлік түрлерімен қысқы қорын қамдау мүмкіндігіне ие болып жатыр.
– Қалада облыстардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ауылшаруашылық жәрмеңкесіне бүгінге дейін 9 өңір келді. Оларда 380 кәсіпкердің 2,7 мың тонна тауары сатылды. Жәрмеңкеде баға саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиісті бөлімдер бақылау жүргізеді. Сондай-ақ оның сапасы, қауіпсіздігі, санитарлық-эпидемиологиялық және ветеринарлық қызмет өкілдерімен бақыланады. Жәрмеңкеге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мамандары өңірлердің нарығындағы бағаны зерделейді. Мұнан бөлек, Ұлттық статистика бюросының сайтындағы азық-түлік бағасы бойынша статистикалық мәліметтерді де назарға аламыз. Осылайша жәрмеңкеге келетін өңірлерге өз өнімдерін сатуға қолайлы баға ұсынамыз, – дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы Руслан Ыдырысов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button