Жаңалықтар

Тұрғындармен кездесті

Өткен аптада Алматы ауданы әкімі Ерлан Бекмырзаев «Мичурин» тұрғын алабының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қордаланып қалған мәселелер көтеріліп, тұрғындармен ашық сұхбат болды.

[smartslider3 slider=1128]

Олардың көпшілігі абаттандыру, газбен қамту, сумен қамту, жарықтандыру, тұрғын алапты санитарлық тазарту, қосымша аялдамалар орнату сияқты алап тұрғындарын қатты алаңдататын мәселелер еді. «Кездесу қызу және сындарлы өтті. Бұл үшін барлық қатысушыларға алғысымыз шексіз, өз кезегімізде біз әрқашан диалогқа ашықпыз, сіздердің тілектеріңізді тыңдап, ауданның барлық тұрғындары үшін жайлы жағдай жасауға тырысамыз» деп жазды аудан әкімі өзінің әлеуметтік парақшасында.

«Өкімет пен қоғам арасындағы үздіксіз диалог» бағыты бойынша «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрылысының бағытымен өткен аудан әкімінің келесі кездесуі «Интернациональный» тұрғын алабында өтті.  Алаптың Мереке және Көлсай көшелері бойындағы 2 скверде жүргізілетін жөндеу-қалпына келтіру жұмысының, сондай-ақ әлеуметтік нысандардың құрылыс жобасымен таныстырды.

Тұрғын алаптың тұрғындарының сумен қамту, жарық жүйесін жүргізу, газбен қамту, тұрмысы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек беру, медициналық қызмет көрсету сияқты өзекті мәселелер талқылады.

Сондай-ақ Интернациональный тұрғын алабының аумағында Армандастар, Ашутас, Көкжиде көшелерінде жолдарды жөндеу жұмыстары басталды. Ал Армандастар 2/3, 2/4 көшесіндегі аулаларды кешенді абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button