Жаңалықтар

ТУРИСТІК КӨРМЕ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

 

IMG_6677

Берлинде «ЭКСПО-2017» Комиссары – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Р.Жошыбаев бастаған қазақстандық делегация 49- «ITB-2015» халықаралық  туристік көрмесінің  жұмысына қатысты. Делегацияның құрамына сыртқы істер, инвистициялар мен даму министрліктерінің, қалалық және облыстық  әкімшіліктердің, «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының, туристік агенттіктердің, сервистік секторлардың,  Қазақстанның қолөнер мен зергерлік өнерінің өкілдері кірді. Биылғы жылы аталмыш көрмеде 180 елден 10 мыңға жуық стендтер орнатылды.

Көрме шеңберінде ЭКСПО-2017 Комиссары БҰҰ Бүкіләлемдік туристік ұйымы Жібек жолы елдерінің туризм министрлерінің 5-ші отырысына қатысып, Қазақстандағы туризмнің дамуы, Жібек жолы әлеуетін іске асыру бойынша Қазақстанның рөлі және  Елбасының «Нұрлы жол» жолдауының  негізгі бағыттары туралы сөз сөйледі.

Р.Жошыбаев алдағы уақытта Астана қаласында өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің дайындық жұмыстары туралы хабарлап, аталған шара Қазақстан және бүкіл өңір үшін туризм дамуының қозғаушы күші болатынын атап өтті.

«ITB-2015» барысында қазақсандық делегацияның басшысы Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас хатшысы Талеб Рифаймен  бірге қазақстандық стендтің ашылу рәсіміне қатысты. БҰҰ БТҰ Бас хатшысы өз сөзінде Қазақстан еліне  туристердің көптеп келуі аясында Астана қаласында өткізілетін Экспо-2017 көрмесінің маңыздылығын, қаланың инфоқұрылымдық дамуын  және  БТҰ тарапынан аталған мәселе бойынша біздің елге қолдау көрсететінін жеткізді. Сондай-ақ, Рифай мырза Қазақстанға аса назар аударылатын БТҰ Жібек жолы бағдарламасының жүзеге асырылу маңыздылығын атап өтті. Жібек жолы бағдарламасы БТҰ-ның 31 мүше-мемлекеттерінің өзара ықпалдастық тұғырнамасы болып саналады.

Көрме қатысушылары қазақстандық павильонға аса қызығушылық білдіруде. Олар қазақ ұлттық тағамынан дәм татып, дәстүрлі билерді тамашалап, ұлттық аспапта нақышына келтіріліп орындалған әдемі әуендерді естіп, сонымен қатар қолдан жасалған киіз киімдердің және күміс бұйымдардың  дайындау барысын көруге мүмкіндіктері болды. Шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты ары қарай дамыту мақсатында қазақстандық делегация екіжақты келіссөздер жүргізді, оның ішінде ГФР экономика және энергетика министрлігінің туризм дирекциясының жетекшісі М. Вебермен,  көрменің басшылығымен және шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесулер өткізді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button