ЖаңалықтарҚала мен СалаТуризмЭкономика

Туризмге қозғау салар «ASTANA LEISURE-2014»

ERA_6452

Бүкіл әлемдік туризм күні қарсаңында Астанадағы «Көрме» орталығында XI Халықаралық «Демалыс – Astana Leisure – 2014» көрмесі ашылды.

ҚР Инвестиция және даму министрлігі қолдауымен көрмені ұйымдастырушылар «Iteca» ЖШС-тің шараны қолға алғандағы мақсаты – туризмді насихаттау арқылы әлемдік экономикалық қоғамдастықтың дамуына үлес қосып, іскерлік және мәдени тұрғыдағы халықаралық байланыс­тарды нығайту. 24-26 қыркүйектің аралығында өтетін бұл көрмеге әлемнің 20 елінен келген 90-нан аса компания қатысуда. Олардың қатарында әртүрлі туроператор, турагенттіктер, шипажайлар, сондай-ақ, қонақүй желілері мен әуетасымалдаушылар да бар. Қазақстанмен қатар көрмеде Венгрия, Вьетнам, Доминикан Республикасы, Корея, Латвия, Малайзия, Мальдива, Ресей, Тайланд, Түркия, Швейцария – бас-аяғы 12 мемлекет өзінің ұлттық стендін көпшілік назарына ұсынып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің жоғары деңгейде өткізілуі елімізге тартылған инвестиция көлемін ұлғайтып, Қазақстанның туризм инфраструктурасын өркендетуге зор мүмкіндік береді.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button