Мәдениет

«Түркi рухы төрiмде шалқып…»

Осындай тақырыппен «Астана-2012 – түркi әлемiнiң мәдени астанасы» жылының аясында ҚР Ұлттық академиялық кiтапханасында кiтап көрмесi ашылды.

Көрмеге Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары, ақын-жазушылар, этно-мәдени орталықтардың өкiлдерi қатысты. Кiтап көрмесi «Түркi өрке-ниетiнiң ұлы қазыналары», «Елбасы және түркi әлемi», «Астана – Отанымның жүрегiсiң, Елiмнiң сан ғасырлық тiлегiсiң!», «Байтақ әлемде – бас қалам», «Ай-көрiк менiң Астанам..» деп аталатын бес бөлiмнен тұрады. Онда түркi жазба ескерткiштерi мен әдеби құндылықтары, түркiтiлдес халықтардың шығармашылығы мен белгiлi ойшылдардың, түрколог ғалымдардың еңбектерi қойылған. Сонымен қатар, түркiтiлдес халық-тардың рухани-тарихи бiрлiгiн нығайтудағы Елбасымыздың рөлi жө-нiндегi құжаттар мен кiтаптар орналасқан. Көпұлтты елiмiзде достық пен бiрлiктiң символына айналған Астана қаласының бүгiнi мен келешегi жайлы мәлiметтер де қамтылған. Астананы жырға қосқан ақындар мен жазушылардың еңбектерi де назардан тыс қалмады. Көрмеде 400-ге жуық кiтап-журналдар, электрондық ресурстар мен мұрағат құжаттары бар.

Ғалия БӨКЕЙҚЫЗЫ, ҚР Ұлттық академиялық кiтапханасы директорының орынбасары: Түбi бiр түркiтiлдес халықтардың бiр-бiрiмен достығын нығайту және оларды насихаттау, мәдениетiн, әдебиетiн және сонымен бiрге барлық салалары бойынша экономикасы болсын, архитектурасы болсын, қандай ұқсастық бар, қандай айырмашылық бар, осының бар-лығын оқырманға жеткiзу мақсатында көрменi ұйымдастырып отырмыз. «Астана-2012 – түркi әлемiнiң мәдени астанасы» жылының аясындағы шараларымыз алдағы уақытта да жалғаса беретiн болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button