Мәдениет

Түркістан театрының тартуы

27-28 тамызда елордаға гастрольдік сапармен келетін Түркістан музыкалық драма театрының әртістері «Астана Опера» театрының сахнасында өнер көрсетеді.

[smartslider3 slider=3705]

Шығармашылық ұжым елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына белгілі жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермек Аманшаевтың либреттосына  қойылған «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклін ұсынады.

Бұл спектакльде ізгілік пен жасампаздық нұрын шашқан Қорқыт пен жер бетін араздық алаңына айналдыруға тырысқан сиқыршы Мартудың арасындағы мәңгілік қақтығыс заманауи хореография тілімен әсерлі бейнеленеді.

Спектакльді қоюға көптеген тәжірибелі мамандар ­атсалысты. Қоюшы хореограф – белгілі ресейлік балетмейстер, өнертанушы Константин Семенов. Композитор – Хамит Шаңғалиев.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button