Жаңалықтар

Түркістаннан керуен келді

1 және 2 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы ­«Қазақ­стан» спорт сарайы алаңында Түркістан облысының ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесі өтеді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл жәрмеңкеге қала тұрғындарын арзан ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 116 млн теңгені құрайтын 365 тонна өнім әкелінді.

Жәрмеңкеде отандық өнімдер базар бағасынан 10-15 па­йыз төмен бағада сатылады. Бұған қоса, 1 маусым – Халық­аралық балаларды қорғау күніне орай арнайы орын белгіленіп, 16 жасқа дейінгі балаларға Түркістан облысы кәсіп­орындары өндірген табиғи таза балмұздақ пен сүт өнімдері тегін үлестірілетін болады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button