Астана-20

Түркістанның «Құлагері» ел чемпионы атанды

Кеше «Қазанат» атшабарында Астананың 20 жылдығына арналған аламан бәйге мен көкпардан ел чемпионаты сарапқа салынды.

Осымен 18-інші мәрте өткен чемпионатта еліміздің әр өңірінен келген көкпаршылар бақ сынасты. Ақтық сында Жамбыл облысының «Әулие-Ата» командасын ұтқан Түркістан облысының «Құлагер» командасы ел чемпионы атанды. Ал Маңғыстау облысынан келген «Адай ата» командасы қола жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар, аламан бәйгеде де еліміздің түкпір-түкпірінен небір сәйгүліктер топқа қосылып, атой салған жанкүйердің делебесін қоздырды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button