Жаңалықтар

Түркия оқушылар көзімен

Елордада Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен  «Оқушыларымыздың қылқаламымен Түркия» атты сурет көрмесінің тұсаукесері өтеді. Көрме түрік ақыны және ойшылы Юнус Эмренің өмірден озғанына 700 жыл толуына және 2021 жылы түрікше жылына орай 25 қарашада сағат 15.00-де «Хан шатыр» сауда орталығында ұйымдастырылады.

[smartslider3 slider=961]

      Қазақ халқының «Алтын шыққан жерді белден қаз» деген тамаша мақалы бар. Бауырлас екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастың дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан Юнус Эмре атындағы түрік мәденит орталығы әрдайым Қазақстан жастарына қолдау болып келеді. Орталық оқушылардың шығармашылық жағынан дамуына, таланттарын шыңдауларына қол ұшын береді. Бұл жерде тек тіл үйреніп қоймай, Түркияның мәдениеті мен өнері, салт –дәстүрін де жақыннан танып біле алады.

 Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен өтетін көрмеде орталықтың оқушылары – үш Қазақстан азаматының 35 картинасы елорда халқының назарына ұсынылады. Көрменің ашылу салтанатына Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, дипломатиялық корпус өкілдері, ҚР Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен сурет өнеріне сүйетін қауым  қатысады.

«Сурет салумен бала кезден айналысамын. 5 сыныпта Абай Құнанбаевтың суретін салған едім. 2020 жылдан бастап Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығында оқып жатырмын. Орталық маған Түркия тақырыбындағы картиналарымды көрмеге қоюыма мүмкіндік берді. Мен үшін бұл үлкен тәжірибе, Түркияны көпшілік білетін тұсынан емес, басқа да қырларынан көрсеткім келді. Бұл елді бар адам Галата мұнарасы, Сұлтанахмет мешіті, Базилика цистернасы арқылы танып біледі. Түркия- әдемі әдет-ғұрыптары мен ұмытылмас тарихы бар таңғажайып ел. Көрмеге қойылатын суреттерімде  мен Түркияны халық биі «зейбек», «дәруіш биі», Таксим трамвайы, түрік шайы мен кофе дәстүрі, түрік әйелдерінің күнделікті істері, ұлттық тоқаш «симит», Ататүрік портреті арқылы бейнеледім. Көрмеге 16  шығармамен қатысамын. Картиналарым арқылы Түркияның салт дәстүрі мен мәдениетін қолымнан келгенше таныстыруға тырыстым»,  дейді жас суретші және Юнус Эмре түрік мәдениет орталығы оқушысы Алия Сұлтанова.

«Суретшінің шығармалары – оның ішкі ойының айнасы. Мен жалпы  әлемге деген көзқарасымды адамдармен бөліскенді ұнатамын. Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы арманымды жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік берді. Көрме тақырыбы болып отырған Түркия -сүйікті елдерімнің бірі. Мешіттерге деген ықыласым ерекше, ал Түркиядағы  мешіттер өте ерекше. Сондықтан картиналарымның көпшілігі мешіт тақырыбына арналған. Түркия – көп ғасырлық мәдениеті, дана дәстүрлері,  дәмді және алуан түрлі тәттілерімен танылған ел. Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Қазақстан мен Түркия арасындағы көпір іспеттес, орталықтың арқасында біз бір-бірімізбен араласып, тәжірибе және білімімізді алмасамыз. Көрмеге  «Күннің батуы», «Оралғың келетін қала», «Үйдегі жайлылық пен жылулық», «Стамбұл – іздегенің табылатын қала»  және т.б  картиналарымды қоямын» дейді орталық оқушысы Нелли Үркенова.

«Бұрын мен осы тамаша әрі көрікті елдің қалаларына барып, ерекшеліктеріне таң қалатынмын. Түркия– жағымды эмоцияларға, дәмді тағамдарға, мейірімді және елгезек адамдарға, таңғажайып билер мен тәттілерге толы ел. Көрмеде менің «Дәруіш», «Түрік шайы», «Баклава», «Түрік аяқ киімі», «Көз моншақ», «Галата мұнарасы» және  «Стамбұлда күннің батуы» атты картиналарым қойылады», дейді орталық оқушысы  Айнұр Мырзахметова.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button