Мәдениет

ТҮРКИЯНЫ ТАМСАНДЫРДЫ

Кейінгі кезде Астана қаласы №1 балалар музыка мектебінің оқушылары халықаралық деңгейдегі байқаулардан жиі жеңімпаз атанып жүр. Соның дәлелі Түркия елінде өткізілген «ART OLYMPIA» балалар және жасөспірімдер шығармашылығы арасындағы халықаралық байқауға қазақтың намысын қорғап барған аталмыш мектептің балғындары үлкен жеңіспен оралды.

Байқауға 22 оқушы қатысып, байрақты бәсекеде алдарына жан салмаған. «Жас өнерпаздар өз өнерлерімен талайды тамсандырды»,– дейді өнерпаздардың көркемдік жетекшілері Үрләй Мырзақұлова, Айгүл Сағатова, Зәуре Сейітова.

Нәтижесінде «Балауса» фольклорлық ансамблі, «Dolce» скрипкашылар ансамблі және дәстүрлі ән айту, домбыра, қобыз, скрипка, фортепиано номинациялары бойынша қатысып қайтқан өнерпаздарымыз еліміздің атын үлкен сахнада паш етті. Барлық оқушылар медаль, кубок және қосымша сыйлықтармен марапатталды.

Фестиваль-байқауға қатысу жас музыканттардың өз таланттары мен жетістіктерін айқындауға, басқа да қатысушылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Түркияның белгілі халықаралық балалар мен жастарға арналған «Банана клаб» демалыс орталығында демалуға жолдама берді. Барлық қатысушылар үлкен әсермен, қуанышты көңіл күймен, шабытпен оралды. Байрақты бәсекеге үкілеп қосқан өнерпаздарымыздың алдағы уақытта әлі талай биіктерден көрінентіндеріне сенімдіміз.

Оспан СҮЛЕЙМЕНҰЛЫ,
ҚР Білім беру ісінің үздігі және
құрметті қызметкері

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button