Мәдениет

Тұрлыбектің «тау мінезі»

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жазушы, ғалым, ұстаз, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Тұрлыбек Мәмесейіттің «Тау мінезі» атты жаңа кітабының таныстырылымы өтті.

Аталған университеттің проректоры Ардақ Бейсенбай шараны ашып, қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арнайы тоқталды. Тіршілігінде атқарған еңбектерін тілге тиек ете келіп: «марқұм ағамыз Тұрлыбек Ілиясұлы саналы ғұмырын әдебиетке, руханиятқа арнады. Ұлағатты ұстаздық жолын адал атқарды. Ұлт ісінде ұрпақ тәрбиесіне ерекше ден қойды. Шәкірт тәрбиелеп, елімізге, халқымызға, университетімізге ерекше еңбегі сіңді. Болашақта магистранттармыз бен докторанттарымыз қаламгер туралы көлемді зерттеулер жасап, диссертациялар қорғайды» деп түйіндеді өз сөзін.

Іс-шараға елімізге белгі тұлғалар мен ғалымдар  қатысты. Алыстағы қаламгерлер де онлайн режимде ойларымен бөлісіп, жазушының шығармаларына талдау жасап, өнегелі өмірінен сыр шертті.

Ғалым, профессор Рақымжан Тұрысбек тізгінін ұстаған жиынның мәні мен маңызы ерекше болды. Оқырманға жол тартқан кітаптың тұсауын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Ардақ Бейсенбай, ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлы, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры, «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, жазушы Ораз Қауғабай, филология факультетінің деканы, ақын Серікзат Дүйсенғазы кесті.

Қабиден Қуанышбай

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button