Жаңалықтар

ТҰРМЫСҚА ҚАЖЕТ ТАУАР

Кешегі өткен жалпыұлттық телекөпір аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Сани­тарлық-гигиеналық және тұрмысқа қажетті қағаз өнімдерін өндіру зауытын іске қосты. «Ipek Kagit Central Asia» ЖШС жылына 16400 тонна өнім шығаратын болады.

Кәсіпорынның директоры Фатих Дырыктің айтуынша, мұнда 53 адам жұмыс істейді екен. Зауытта шығарылған өнімдер отандық сұранысты ғана өтеп қоймай, алыс-жақын шетелдерге де экспортталмақ. Соның ішінде Ресейдің, Орталық Азиядағы елдердің нарығын жаулауды көздеп отыр. Қағаз өнімдерін шығаратын заманауи зауытқа жоғары технологиялы қондырғылар орнатылған. Осындай басымдықтары нәтижесінде өндіріс орны Орталық Азияда көшбасшылық орнын сақтайтынына сенімді. Өйткені, бұған балама кәсіпорын аталған аймақта жоқ. Телекөпір барысында кәсіпорын басшылары Елбасына елде бизнеске қолайлы жағдай жасағаны үшін және шетелдік инвесторларға қолдау көрсеткеніне алғыс білдірді.

Зауыт толық қуатына көшкенде жылына жалпы құны 11 млрд теңгеге жететін өнім өндірілетін болады. Нарыққа қажетті кәсіпорын елорда бюджетіне де қомақты қаржы құяры сөзсіз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button