Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы бағытталады
Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 20 қаңтар мен 29 қаңтар аралығында республикалық «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 4-бабына сәйкес, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың төрт түрі анықталған.
Тұрмыстық зорлық зомбылықтың 4 түрі:
– Күш көрсету зорлық-зомбылығы;
– Психологиялық зорлық-зомбылық;
– Сексуалдық зорлық-зомбылық;
– Экономикалық зорлық-зомбылық.
Отбасындағы жанжалдан басталып, зорлық-зомбылыққа ұласатын әрекеттерден зәбір көретіндердің басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Бірақ көпшілік зорлық-зомбылық құрбандары әртүрлі жағдайларға байланысты полицияға шағым-арыз түсірмей жатады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 108-1 (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру),109-1 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Әрбір жәбірленуші қол жұмсау әрекетінің алдын алып, құқық қорғау органдарына жүгіне алады. Осы мақсатта қазіргі таңда 20 қаңтар мен 29 қаңтар аралығында республикалық «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Астана қаласы Полиция департаментінің
Есіл ауданы Полиция басқармасы