ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» орталығы, Криминалдық полиция басқармасы және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы интернет-алаяқтыққа, есірткіге, ұрлық пен көлік ұрлауға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Елордалық еріктілер қала тұрғындарына ақпараттық парақшалар таратты.

[smartslider3 slider=889]

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызы:

– Жастардың дені есірткінің салдарын түсіне бермейді. Ол үшін жауапкершілікке тартылатынынан хабары аз десе болады. Оған жеңіл-желпі қарайды. Олар есірткі деп тек екпе арқылы қолданатын героин деп түсінеді. Жай ғана шегемін деген түсінік – мүлдем қате. Сол себепті жастарға біз синтетикалық есірткінің шынында қауіпті екенін түсіндіріп жүрміз, – деді.

Елімізде жылдан-жылға есірткі қылмысы, интернет-алаяқтық, ұрлық көбейіп келеді. Осыған байланысты тәртіп сақшылары еріктілермен бірігіп, іс-шараларды жиі ұйымдастыруда. Жастарға жаман әдеттерден бойды аулақ ұстауға, саламатты өмір салтын қалыптастыруға үндейтін аталмыш шара адамдар көп шоғырланатын жерлерде ұйымдастырылды.

Бауыржан СЕГІЗБАЕВ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button