Жаңалықтар

ТҮСІНЕ ҚАРАЙ ПАЙДАСЫ

Тағамның түсі оның құрамдық қасиеттерінен хабар береді. Жеміс-жидек пен көкөністерді сатып аларда бояу ерекшелігіне көңіл бөліп, пайдасын біле жүрген абзал. 

Қызыл түсті жеміс-жидек пен көкөністер ликопиндер – антиок­сидантқа бай болғандықтан, теріні ультракүлгін сәулелерден қорғап, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдығу қаупін төмендетеді және қатерлі ісіктің алдын алады. Қызғылт-сары, сары түсті жеміс-жидек пен көкөністер – иммундық жүйенің айнымас көмекшісі. Құрамындағы каротеноид адам ағзасында А дәруменін бөледі. Ал, қатаң диета ұстамай-ақ артық салмақтан арылғыңыз келсе, жасыл түсті тағамдарды таңдаған жөн. Олардың калориясы аз әрі ішті тазартуға бейім келеді. Жасыл жеміс-жидек, көкөністер канцерогенді жойып, сүйек пен тістің саулығына пайдасын тигізер өсімдік элементтеріне бай. Ақшыл-сары, ақ түс бояуы қанық тағамдарға қарағанда солғындау көрінгенмен, дәрумендердің қай­нары осы түске тиесілі екен. Артық холестерин деңгейін азайтып, қан қысымын төмендетуге септеседі және жүрек-қан тамыры ауруларын алдын алады. Мәселен, сарымсақ құрамындағы аллицилин асқазан жараларынан қорғап, ісіктің өсуін тежейді. Ал, күлгін түсті көкөніс пен жеміс-жидектер адамның есте сақтау қабілетін күшейтеді.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button