Мәдениет

Тұтқындар тағдыры туралы бейнебаян

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «АЛЖИР» атты музыкалық-хореографиялық бейнебаянның тұсаукесері өтті. Жоба аталмыш кешен мен Қазақ ұлттық хореография академиясының ынтымақтастығы арқасында жүзеге асты.

Бейнебаян «АЛЖИР»-де ауыр сынақтан өткен әйелдерге арналған. Шығарманың негізінде академия оқытушысы Бауыржан Бекмұханбетов, Мақсат Медеубек, Ержігіт Әлиев және Жанту Дадабаевтың, «Тұран» фольклорлық ансамблінің орындауындағы және өңдеуіндегі композитор Ақтоты Райымқұлованың «Толғау» музыкалық композициясы жатыр.

Бұл туындының идея авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Алила Әлішева. Лагерь тұтқындарының тағдырын суреттейтін би қойылымдарын Анвара Садықова қойды. Таспаға түсірген оператор және монтажын жасаған – Алексей Некрасов. Актриса ретінде қатысқан академия магистранты, «Гүлдер» ансамблінің әртісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Іңкәр Айдархан­қызы би қимылдары арқылы тұтқындардың жан дүниесін көрсетті.

Тұсаукесерге Астана қаласы әкімдігінің Біріккен музейлер дирекциясының басшысы Сергей Солодовников, «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені директорының орынбасары Самат Тергембаев, экскурсиялық-көрме бөлімінің басшысы Раиса Жақсыбаева, музей қызметкерлері, хореография факультетінің студенттері мен педагогтары, «Тұран» ансамблінің музыканттары, әртістер мен жетекшілер, «Гүлдер» ансамблі, сондай-ақ лагерьде отырған әйелдердің ұрпақтары, атап айтқанда, дәрігер Мағрифа Қазбекованың немересі Жанат Мұратқызы қатысты.

Қатысушылар бейнебаян туралы пікірлерімен, жақындары туралы естеліктерімен және мұражай қызметінің маңыз­дылығы туралы әңгімелерімен бөлісті. Тұсаукесерден кейін студенттерге мұражайға экскурсия жүргізіліп, деректі фильм көрсетілді, тарихи фактілерді талқылау ұйымдастырылды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button