Жаңалықтар

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына 25 жыл толуына орай Ұлттық экономика министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің арасында бейнеконференция ұйымдастырылды.

Шараға тұтынушылардың өтініштерін қарау, ақпараттандыру, кеңес беру және сауаттандыру құзіретіне ие министрлік пен ведомство басшылары, Парламент депутаттары, қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. Олар аталмыш заңға енгізілген соңғы өзгерістер туралы талқылады. Атап айтсақ, сатуға арналған талаптарды жақсарту, тауарды қайтару және ауыстыру мерзімдерін ұзарту, сапасыз тауарды анықтау сияқты мәселелерге тоқталды. Мәселен, ендігі уақытта тауарды дүкенге қайтару мерзімі 14 күннен 30 күнге дейін көбейді. Сондай-ақ, саудадағы бәсекелестікті арттыру мақсатында тұтынушының тауарды сатып алмай тұрып бейнекамераға түсіруіне тыйым салынбайды.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button