Қала тіршілігі

ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫ ТҰРАҚТЫ ҚОРҒАЛАДЫ

Соңғы жылдары Астанада тұтынушылық құқын қорғай білетін жандар қатары артып келеді. Мәселен, 2000 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 40 пайызға жоғарылапты.

Кеше «Әділет» тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамдық бірлес­ті­гінің ұйымдастыруымен өткен кон­фе­ренцияда бірлестік төрағасы Қабы­кен За­карьянов осындай мәлімет таратты.

«Биыл бізге 4700-ге жуық арыз келіп түсті. Бұл былтырғымен салыс­­тыр­ғанда он пайызға артық. Біз осы шағымдардың 95 пайызын қанағат­тан­дырдық. Арыз-шағымның 90 пайы­зы сотқа жеткізілмей тұрып шеші­мін тапты. Өйткені, біздің бас-ты мақсатымыз – тұтынушылардың құқығын қорғау», дейді Қабыкен Қажыбайұлы.

15 наурыз – әлемдік тұтынушылар күніне орай өткізілген жиында қала­лық сауда орындарының өкілдері мен осы са­ла бойынша білім алып жүрген колледж сту­денттері өзара пікір ал­­мас­­ты. Сон­­дай-ақ, «Шапағат», «Ба­хус», «Ап­рель», «Ажар» сауда орын­­да­ры мен «Ма­дина», «Дастан» сынды бір­­­не­ше дү­кен иелері халық­қа адал қызмет ет­кені үшін мақтау қағаз­дарымен марапатталды.

«Әділет» қоғамдық бірлестігі ен­­ді ұя­лы байланыс агенттіктерінің жұмыс­та­­рын қадағалап, тұтынушылар­дың құ­қы­ғын қорғауды мақсат етіп отыр.

Қызғалдақ ҚЫДЫРБЕК,
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың студенті

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button