Жаңалықтар

Тұтынушылар құқығын қорғайды

Елордада көп жылдардан бері жұмыс жүргізіп келе жатқан «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігі басқармасының отырысы өтті.

[smartslider3 slider=2102]

 

Осы ұйымды ұзақ жылдар басқарған Қабыкен Закарияновтың төрағалығымен өткен жиында қоғамдық бірлестіктің жаңа басшысын сайлау мәселесі қаралды. Басқарма мүшелері осы ұйымда он жылдай қызмет істеген Еркін Томпиевтің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Еркін Томпиев – медицина ғылымдарының кандидаты, денсаулық сақтау ісінің үздігі, білім беру ісінің құрметті қызметкері.

– Тұтынушылардың құқығын қорғауды өте жауапты жұмыс деп білемін. Өзім осы саладағы бірнеше халықаралық форумдарға қатыстым. Сондықтан қоғамдық бірлестік алдында тұрған мақсатты, жұмысты жүргізудің тәсілдерін білемін. Еуропалық тәжірибеге қарап қоғамдық бірлестіктің филиалдарын аймақтарда да ашу болады деп есептеймін, – дейді Е.Томпиев.

                    Әсия НҰРБЕКҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button