Қала мен Сала

Тұтынушылар құқығын қорғайды

Елордада Дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күніне орай елордада жиын өтті.

Ж.Жабаев атындағы №4 қазақ мектеп-гимназиясында өткен жиынға «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі мен Астана қаласының Заң консультанттары палатасының өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.

«Әкімдік өкілдерімен аудан бойын­ша азық-түлік дүкендеріндегі тауарлардың бағасын тексеріп тұрамыз. Өйткені кейбір кәсіпкерлер бағаны көтереді. Кейде тауарда бір баға, ал кассада мүлде басқа баға көрсетілетін жағдайлар кездеседі. Жалпы, Астанада құқығы бұзылған тұтынушылардан жылына 20 мыңнан астам арыз келіп түседі. Ондай жағдай болмауы керек. Бұл – заң бұзушылық, – деді «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Томпиев.

Жиын барысында Астана қаласының Заң консультанттары палатасы мен «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button