Елорда тынысы

Тұтынушыларға 67,2 млн теңгесі қайтарылып берілді

Осы жылдың шілде айында Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық департаменттері тұтынушыларға 67,2 млн теңгесін қайтарып алуға ықпал жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мәселен, Қарағанды облысында ұшақ рейстері 29 сағатқа кешігіп, жолаушылар тарапынан шағым түскен болатын. Нәтижесінде оларға өтемақы төленді. Жалпы сомасы 533,0 мың теңге қайтарылды.

Тұтынушылар тарапынан түскен тағы бір шағым массаж жамылғыларына қатысты болды. Сатушылар жамылғыларды кері қабылдаудан бас тартқан. Алматы қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің түсіндіру жұмыстары мен заңгерлік консультацияларынан кейін бес тұтынушыға 5 млн теңгеден астам қаражаты қайтарылды.

Сонымен қатар Комитет автосалондарда сатып алынған ақауы бар автокөліктерге қатысты тұтынушылардың мәселелерін шешу бойынша жұмысты жалғастыруда. Мәселен, Алматы қаласында автосалоннан көлік сатып алған тұтынушы техникалық ақаулардың барын тапқан. Департамент жүргізген жоспардан тыс тексеруден кейін тұтынушыға 8 млн теңге қайтарылды.

Сол сияқты Ақтөбе облысында тұтынушының автосалоннан сатып алған су жаңа көлігі от алмай қалды. Бұл орайда департамент тексеріс жүргізіп, нәтижесінже 11 млн 790,0 мың теңге қайтарды.

Түркістан облысында да осындай жағдай орын алды. Тұтынушының сатып алған көлігінде ақаулар табылып, бірнеше рет жөндеу жүргізілсе де мәселе шешілмеді. Департаменттің құқықтық көмегінің арқасында оған 10 млн 190,0 мың теңге қайтарылды.

Павлодар облысында да тұтынушы осындай жағдайға тап болды. Тұтынушы сатып алған көлігінің істен шығуына байланысты автосалонға өтініш білдірді. Бірақ, автосалон оны жөндеуден және ақшаны қайтарудан бас тартты. Департамент тұтынушыға 12 млн теңгені қайтартуға ықпал етті.

Тағы бір келеңсіз жағдай Батыс Қазақстан облысында орын алды. Ол жерде де автокөліктегі техникалық ақауға байланысты шағым түсіп, тұтынушыға сот шешімімен автосалон моральдық шығынды қосқанда 19 млн 503,6 мың теңгені қайтаруға міндеттелді.

Ал Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті сот процесіне үшінші тұлға ретінде қатысты.

Кезекті азаматтарды жеке қабылдауға құны 350 000 теңге тұратын жиһазға тапсырыс берген тұтынушы келген болатын. Тұтынушы берген тапсырысы келісілген уақытынан кешіктірілген соң, дүкенге ақшасын қайтару үшін хабарласады. Алайда мәселені реттеуге бағытталған өз әрекеттері сәтсіз болғандықтан, тұтынушы Астана қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге мәжбүр болады.

Қазақстан Республикасы “Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы” Заңының 7-бабының 7 және 12-тармақшаларына сәйкес тұтынушылардың тауардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тиісті де, тиісті емес те сападағы тауарды айырбастап алуға немесе қайтарып беруге және моральдық зиянды өтеуге құқығы бар.

Департамент өз кезегінде жеткізілмеген тауар және моральдық зиян үшін сот процесіне қатысты.

12.07.2024 жылғы Сот шешімімен тұтынушының талап-арызы қанағаттандырылды, барлығы 387 192 теңге көлемінде сома өндірілді.

Егер сіздің тұтынушылық құқықтарыңыз бұзылған болса және сіз мәселені өз бетіңізше шеше алмасаңыз, Сіз Департаментке жүгінуге құқығыңыз бар. Өтініш беру үшін eotinish.kz платформалармасын пайдаланыңыз.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button