Жаңалықтар

ТУУ КӨБЕЙДІ, ӨЛІМ АЗАЙДЫ

Астана халқының саны 2013 жылдың 1 қазандағы көрсеткіші бойынша 804 474 адам болды. 

«Жыл басымен салыстырғанда, Астана қаласындағы халықтың  жалпы саны 26 276 адамға көбейді» деп хабарлайды Астана қаласы Статистика департаменті.  Биылғы жылдың 9 айында жалпы қала бойынша 16 315  сәби дүниеге келген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  12,5 пайызға көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі де өткен жылғы қаңтар – қыркүйек айларымен салыстырғанда 15,8 пайызға көтерілді және 13 724 адамды құрады. Осы аралықта қала бойынша 2 591 адам қайтыс болды, бұл 2012 жылғы қаңтар – қыркүйектегі көрсеткіштен 2,3 пайыз аз.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button