Елорда тынысы

Тұжырымдама нәтижелері талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. ­Комплаенс қызметін дамыту мәселелеріне арналған басқосуға елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері және жұртшылық өкілдері қатысты.

[smartslider3 slider=3784]

Отырыста 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру барысы, оның ішінде жергілікті атқарушы орган жүзеге асырып жатқан жобалық менеджмент жұмысының нәтижелері талқыланды. Сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жоюда жүйелі көзқарас мақсатында әкімдік мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға ықпал ететін жобалық бағыттарды белгіледі. Осылайша жобаны басқару аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 37 бөлімшесінде ішкі талдаулар жүргізілді. Нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар беріледі.

Сондай-ақ жиында комплаенс қызметін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілерінде комплаенс қызметі, яғни сыбайлас жемқорлық қылмыс­тарының алдын алуға бағытталған бөлімшелер жұмыс істейді.

Алтай Көлгінов әкімшілік кедергілер жойылып, бизнес-процес­тердің оңтайландырылғанын, барлық мемлекеттік қызметтердің электронды форматқа көшкенін атап өтті.

«Оқушылардың тамақтануын мемлекеттік сатып алу автоматтандырылды, қоғамдық көліктер электронды төлем жүйелерімен толық жабдықталған, инженерлік желілер мен жер кадастры цифр­лануда, геоақпараттық портал құрылды. Олар фронт-офис форматында ашық әкімдік режимінде жұмыс істейді. Жоба – «Халықтың қатысуы» бюджеті. Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан бұл іс-шаралардың барлығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен адами факторды жоюға мүмкіндік береді» деді Алтай Көлгінов.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button