Елорда тынысы

Тұжырымдама таныстырылды

Құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында елорданың қоғамдық кеңістігін дамыту және көгалдандыру тұжырымдамасы таныс­тырылды. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов мәлім етті.

«Биыл елордада 165 қоғамдық және аула кеңістігі жабдықталып, 1 миллионнан астам ағаш пен бұта отыр­ғызылды. Бұл ретте қалада қоғамдық кеңістіктері мен жасыл желектері жоқ бірқатар аймақ бар. Ең алдымен, бұл тұрғын алаптарға, Тұран даңғылының батысындағы ауданға, Мыңжылдық аллеясына және басқа аудандарға қатысты. Бүгін құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында елорданың қоғамдық кеңістігін дамыту және көгалдандыру тұжырымдамасы таныстырылды. Бағаны төмендету жолымен жұмысты жосықсыз атқаратындардың алдын алу үшін мемлекеттік органдардың назарын ағаш отырғызумен және абаттандырумен айналысатын кәсіпорындарға жаңа іріктеу жүргізу керек. Жасыл желектерді суаруға бөлек тоқталдым, мұнда жаңа тәсілдерді іздеу керек, мысалы, ұңғымаларды бұрғылау. Бұл су таситын көліктерді пайдаланудан әлдеқайда тиімді және арзанырақ. Сонымен қатар елорданың жаңа туған тұрғындарына туу туралы куәлікпен бірге жеке ағаш отырғызуға мүмкіндік берген өткен жылдардағы тәжірибені пайдалануды ұсындым» деп жазды Е.Кана­лимов әлеуметтік желіде.

Отырыс соңында жауапты органдарға Астананы абаттандыру мен көгалдандырудың бірыңғай жоспарын әзірлеу тапсырылды, оның жұмысына мәслихат депутаттары қатысады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button