Қоғам

Туризм және спорт саласының мамандары «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі ұжымдағы қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Ербол Мырзабосынов құттықтау сөзінде министрліктегі арулар спорт, туризм, ойын бизнесі және лотореяны реттеу салаларын дамытуға зор үлес қосып, мемлекеттік қызметті абыроймен атқарып келе жатқанын ерекше атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сондай-ақ іс-шара барысында Туризм және спорт министрі отандық туризм және спорт саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан сала мамандарына Президент атынан «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.

Мемлекет басшысының жарлығымен марапатталғандар:

• Мунирам Қасымқызы Ахметова, Khan-Turan Travel ЖШС өкіл-кеңесшісі;
•Әлия Майданқызы Түсіпбекова, «Қазақстан Республикасы пара би федерациясы» қоғамдық заңды тұлғалар ассоциациясының Президенті;
• Кенжеш Садыққызы Сәрсекенова, конькимен жүгіру спортынан мемлекеттік жаттықтырушы;
• Еркежан Саятқызы Тұрсынқанбетова, Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры корпоративтік қоры бас директорының орынбасары;
• Гүлғайша Қайыртайқызы Қасенханова, туризм саласының ардагері.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button