Спорт

Турнир жүлдесі – «Астана кубогы»

Кеше Астанада таэквондо спортынан Қазақстан кубогы сарапқа салынды.

«Аспан» спорт кешенінде басталған жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан 400-ден аса жасөспірімдер мен жастар жиналды. Жарыста 12-14 жас аралығындағы, сонымен қатар 15-17 жас аралығындағы спортшылар сынға түсуде.

«Бұл жарыс елордамызда он жылдан бері өтіп келеді. Таэквондо спорты елімізде өте қарқынды дамып келе жатқан спорттың бірінен саналады. Әсіресе, балалардың қызығушылығы басымырақ көрінеді. Өйткені таэквондо әдемі әрі әсерлі жекпе-жектің түрі деп ойлаймын. Осы жарыс­ты ұйымдастырушы Қазақстан таэквондо федерациясы басшыларына, қолдау білдірген Астана қаласы әкімдігіне, демеушілерге алғысымызды білдіреміз. Ал жарыста дайындығы жақсы күштілер жеңіске жетсін деп тілеймін» дейді Астана қаласының таэквондо федерациясының атқарушы директоры Святослав Жевидь.

«Астана кубогының» жеңімпаздары Қазақстан құрамасы сапына қабылданып, халық­аралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button