Мәдениет

Тыңдаушылардың тұңғыш концерті

Опера академиясындағы оқу үрдісі тура бір ай бұрын басталған еді. Осы уақыт аралығында жас солистер тәжірибелі ұстаздар Анатолий Гусев пен Франческо Медданың жетекшілігімен әйгілі авторлардың операларынан үзінділер әзірледі.

[smartslider3 slider=881]

Күрделі сахналық көрініс­тердің бірі – В.А.Моцарттың «Дон Жуан» операсынан командордың өлімін Валерий Селиванов, Дінмұхамед Көшкінбаев және Жандарбек Еркінбаев орындады. Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» операсынан Неморино – Нұрқанат Тапиев пен Дулькамара – Шыңғыс Расылханның дуэті есте қаларлықтай әсер етті. П.Чайковскийдің «Пиковая дама» операсынан «Бақташы әйелдің адалдығы» костюмді көрінісі кештің жарқын қорытындысын жасады. Ондағы сүйкімді Прилепаның рөлін Гүлдана Алдадосова орындады. Миловзор бейнесінде Эльмира Шпекбаева өнер көрсетті, ал оның бақталасы Златогорды Азат Мәлік сомдады.

Халықаралық опера акаде­мия­сында оқу екі жылға есептелген және оның басты міндеті – опералық орындаушылық өнердің деңгейін көтеру, өнер жолына қадам басқан дарын иелерінің әлеуетін ашуға көмектесу. Үздік отандық және шетелдік педагогтармен сабақтар күн сайын өткізіледі. Онда вокалдық техника және актерлік шеберлікпен жұмыс жасау, итальян тілін үйрену қамтылған. Академия болашақ әртістерге Қазақстанның опера өнерін шет елдерде паш ету үшін әлемнің жетекші сахналарында өнер көрсетуге мүмкіндік беруді мақсат етіп отыр.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button