Елорда тынысы
ТЖ министрі азаматтарды жеке қабылдады
Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды www.astana-akshamy.kz
Ведомство басшысына жеке сұрақтары бойынша елордалық көпқабатты тұрғын үй кешенінің бірінің ПИБ басшысы және «№ 406 ГА авиажөндеу зауыты» АҚ президенті жүгінді.
Кездесу барысында азаматтар өрт қауіпсіздігі мен өзара ынтымақтастыққа қатысты мәселелердің шешімін іздеп келді.
Кездесудің қорытындысы бойынша ведомство басшысы бірқатар мәселелер бойынша өз ұстанымын айтып, оларды объективті шешуге бағытталған нақты тапсырмалар берді.