Жаңалықтар

ҰБТ-ға дайынсың ба?

Өтініштер қабылдау 14 мамырға дейін жалғасады.

[smartslider3 slider=2829]

Негізгі тестілеу 16 мамыр­дан 5 шілдеге дейін өтеді. Пәндердің саны өзгеріссіз қалады – үш міндетті және екі таңдау бойынша. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан – 15, математикалық сауаттылықтан – 15, оқу сауаттылығынан – 20 және екі бейіндік пәннен – 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге тест тапсырмаларын орындауға қолайлы жағдай жасау үшін алғаш рет негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 минут берілді.

Үміткерлер тестілеу аяқ­талғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат аппеляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button