Ел тынысы

ҰБТ жүйесін бағалауды жетілдіру бойынша семинар-тренинг өтті



«Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында «Ұлттық бірыңғай тестілеуді бағалау жүйесін жетілдіру» тақырыбында семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шара «Ginger–SOFRECO» (Франция), «National Foundation for Educational Research» (Ұлыбритания), «Be Supply» ЖШС (Қазақстан) және «cApStAn» (Бельгия) компаниялардан құрылған консорциумның «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы шеңберінде іске асты.

Семинар-тренингке Ғылым және жоғары білім министрлігінің, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Ұлттық тестілеу орталығының, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, облыстық және қалалық білім басқармалары мен ЖОО-ның өкілдері қатысты.

«Орта білім беруді жаңғырту» жобасының негізгі мақсаты ҰБТ тест тапсырмаларын әзірлеушілерге арналған оқыту бағдарламасын әзірлеу және тестілеу бойынша әзірлеушілер мен сарапшыларды оқыту, әр түрлі типтегі ҰБТ-ның тест тапсырмаларын әзірлеу және сынақтан өткізу. ҰБТ тест тапсырмаларының мазмұнына және операциялық қызметті қамтамасыз етуге жауапты мамандарды, сондай-ақ бағалау рәсімдері бойынша менеджерлерді оқыту және оқыту бағдарламаларын әзірлеу. Сонымен қатар, тестілеу рәсімдерін өткізу үшін нұсқаулықтар жазу және одан әрі реформалар жүргізу үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Іс-шара барысында ұсынылған нәтижелер негізінде Қазақстандағы ҰБТ-ны реформалаудың болашағы туралы панельдік пікірталастар ұйымдастырылып, консорциум сарапшылары өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылармен пікір алмасты.

Семинар-тренингтің қорытынды кезеңінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоба шеңберінде оқыту бағдарламасының барлық кезеңін сәтті аяқтаған 350 тест әзірлеушіге халықаралық дәрежедегі сертификаттар табыстап, барлық қатысушылар мен іс-шара ұйымдастырушыларын құттықтады.

Жалпы алғанда, аталған жоба шеңберінде консорциум сарапшыларының басшылығымен 8800-ден астам ҰБТ тест тапсырмаларын әзірлеп, ҰТО-ның 53 маманы мен менеджері оқудан өткен. Жоба нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және одан әрі реформалар жүргізу үшін ұсынымдар әзірленген.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button