Қоғам

ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру байқауы басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Бірыңғай грант операторы 2025 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарға грант беру байқауын жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Байқаудың мақсаты – азаматтық бастамаларды қолдау және азаматтық қоғам институттарын әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге тарту.

Байқау аясында ҮЕҰ  бірнеше басым бағыттар бойынша жобаларды ұсына алады:

– Инклюзивті қоғамды дамыту;

– Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту;

– Азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі шаралар мен іс-шараларды ұйымдастыру;

– Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту;

– «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту;

– Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту;

– Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту;

– Әлеуметтік волонтерлікті дамыту;

– Зооволонтерлікті дамыту.

Толық ақпарат пен құжаттаманы cisc.kz сайтынан қарауға болады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button