Sport

UEFA КЕҢЕСІ – АСТАНА ТӨРІНДЕ

ab3a1888c588ab66d553f1ee0a36edbb

Осы аптада әлемнің футбол сүйер қауымы Қазақстанға назар аударды. Астанада Үкімет басшысы Серік Ахметовтің қатысуымен UEFA-ның кезекті 38-кеңесі өтті. Айтулы шараға UEFA президентi Мишель Платини, FIFA басшысы Йозеф Блаттер және танымал спорт саңлақтары қатысты.

Конгресте сөз алған Үкімет басшысы Серік Ахметов аталмыш жиын ел футболының дамуына жаңа серпін беретінін мәлімдеді. Басқосуға UEFA құрамына енетін 54 ұлттық қауымдастықтың өкіл­дері  келді. Айта кету керек, әлемдік шара UEFA-ның құрылғанына 60 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. «UEFA Конгресі ТМД ел­дері арасында Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Қазақстанның FIFA ұйымына қосылғанына көп бола қоймаса да, бұл шешім бірауыздан қабылданды. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Жүз жылдан астам тарихы бар Қазақстан фут­болы қазір қарқынды дамып келеді, спорттың бұл түріне деген қызығушылық жоғары» деді С.Ахметов. Өз кезе­гінде УЕФА пре­зиденті Мишель Платини бар­лық елде футболдың дамуына қолдау білдіретіндіктерін әрі бұ­қа­­­ралық спорт түрін дамытуға ба­­­рын­ша күш салатынын жеткізді.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button