Елорда тынысы

Үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

ҚР Үкімет басшысы Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкі­метаралық кеңес отырысына қатысты.

Олжас Бектенов ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкіметтері басшыларымен одақтың цифр­лық күн тәртібін «Заманауи цифрландыру – төрт еркіндікті қамтамасыз ету императиві» үшінші Еуразиялық экономикалық форумы аясында талқылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Экономикалық үдерістерді цифрландыру перспективалары талқыланған Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті қатысты.

«Премьер-министр өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО шеңберінде цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Форумда қазақстандық тарап қатысушы елдер арасында мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуға мүмкіндік беретін одақтың интеграция­ланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу қажеттігін атап өтті» делінген хабарламада.

ЕҮАК отырысында шағын және кеңейтілген құрамда сауда, көлік және логистика, АӨК салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың бірлескен шаралары қаралды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button