Елорда тынысы

Үлескерлер мәселесін талқылады

Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы құрылысы ұзаққа созылған бірқатар тұрғын үйдің үлескерлерімен кездесті. Тұрғындар жүздесуде инженерлік желілер салу, абаттандыру, қосымша автобус бағдарын іске қосу сияқты мәселелерді де көтерді.

«Қаладағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралауды жалғастырамын. Үш көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен қайта кездестім. Олар – «Коргалжынский квартал», «Комсомольский», «Арыстан» тұрғын үй кешендері. Құрылыс­тың тоқтап қалмауы және үлес­керлердің жұмыс нәтижесін көргені маңызды, сол себепті құрылыс алаңдарында тұрақты түрде кездесу өткіземіз» деп жазды қала басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жеңіс Қасымбек тұрғын үй кешендерінің құрылысына қатысты жағдай қиын болғанын атап айтты.

«Мәселен, «Арыстан» тұрғын үй кешенінің құрылысы 11 жыл бұрын басталған. Нысанды тапсырар кезде небәрі 20-30 пайызға дайын еді. Мұнда 450-ге тарта үлескер отбасы өз пәтерін күтіп жүрді. Тұрғын үй кешені бірнеше блоктан тұрады. Олардың бір бөлігі салынып бітіп, үлескерлерге пәтер кілті табыс етілді. Қалған блоктардың да құрылысы аяқталады» деп түсіндірді қала басшысы.

«Комсомольский» тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын ­проблемалы деп танылған. Мұнда 600-ден астам үлескерлер отбасы бар.

«Үлескерлер кездескенде, құрылыстан басқа, инженерлік желілер салу, абаттандыру, қосымша автобус бағдарын іске қосу сияқты мәселелерді де көтереді. Біз өз тарапымыздан мердігерлерге барынша көмек көрсетеміз. Біздің міндетіміз – құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аяқтап, үлескерлерге баспана кілтін табыс ету» деді Жеңіс Қасымбек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button