Елорда тынысы

Үлескерлермен кездесті

Елордада құрылысы ұзаққа созылған 30-дан аса тұрғын үй кешені бар. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек олардың жағдайымен танысты.

– Жылдар бойы тұрған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жай-күйі әртүрлі. Оның әрқайсысында баспанасын күткен жандар бар. Біз аталмыш тұрғын үй кешендерінің құрылысын кезең-кезеңімен аяқтаймыз. Ал үлескерлер көптен күткен пәтерлеріне қоныстана алады, – деді қала басшысы.

Жеңіс Қасымбек қаладағы үлескерлермен үнемі кездесіп тұрады.

– Тағы екі тұрғын үй кешенінің үлескерлерімен кездестім. Олар – «Алтын бұлақ» және «Садовые кварталы» тұрғын үй кешендері. Жалпы үлескерлер саны – 700-ден астам отбасы. Мәселен, «Садовые кварталы» тұрғын үй кешені 8 жыл бұрын проблемалы деп танылған. Бұл нысан тапсырылған кезде іргетасы ғана болатын. Құрылыс сапасына ерекше назар аудара отырып, жұмыс қарқынын жеделдету тапсырылды. Сол сияқты «Тұмар» тұрғын үй кешенінің бастамашыл тобымен кездестім. Құрылысы ұзаққа созылған «Территория комфорта-1» бойынша сұрақтар қозғалды, – деді елорда әкімі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button