#Жаңа Қазақстан

Үлкен ұжым – үлкен ел

Respublica партиясы Семей және Қарағанды тұрғындарымен кездесіп, халықпен бірге ядролық сынақтан зардап шеккендерге көмек көрсету және Қытаймен визасыз режим мәселесін талқылады. Кездесуге барлығы 1500-ден астам адам қатысты.

«Қазір – ел үшін жан беретін уақыт емес, ел үшін өмір сүретін уақыт. Біз өзімізге қоятын басты сұрақ – 70 жылдан кейін ұрпаққа не қалдырамыз? Менің таңдауым – халқымыз үшін өмір сүріп, халықтың мәселесін шешу. Бұл – басты мақсат» деді Respublica партиясының тең төрағасы, Мәжіліс депутаттығына кандидат Руслан Берденов.

Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Бақытбек Хамит партия жұмысының адал атқарылатынын атады.

«Біз өтірік айтпауға, ұрламауға және сөзімізде тұруға уәде береміз. Өйткені бизнесте ондай жағымсыз қылыққа бару мүмкін емес. Егер сіз бизнесте алдасаңыз, серіктестеріңізден де, клиенттеріңізден де айырыласыз. Егер сіз бос уәде беріп, сөзіңізде тұрмасаңыз, сіздің компанияңыз өспейді. Жемқорлықпен айналыса бастасаңыз, шенеуніктермен бірге әділетті жазаға тартыласыз» деп қосты Б.Хамит.

Сапар барысында Respublica партиясының мүшелері «Семей – Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорығы, Абай мен Шәкәрім мемориалдық кешенін аралады.

Ал Қарағандыда сайлаушылар Қарағанды машина жасау зауытының еңбек ұжымымен және «Қолғанат-Қарағанды» ЖШС еңбеккерлерімен кездесті. Сонымен қатар Қарағандыда партия мүшелері аймақтық штабта болды.

«Біздің партия саясатта емес, өндірісте тәжірибесі бар адамдардың уақыты келгеніне сенімді. Іс жүзінде бизнес-процестерді қалай құру керегін білетіндер, үлкен ұжымдардың жұмысын ұйымдастыра алатындар және жоғары нәтижеге қол жеткізгендер ғана елдің проблемасын шеше алады» деді Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button