#Жаңа Қазақстан

Үміткерлердің тізімін жариялады

Кеше елордада Respublica партиясының кезектен тыс құрылтайы өтіп, саяси ұйым өз үміткерлерінің тізімін жариялады. Мәжіліске партиялық тізім бойынша 25 үміткер, ал бір мандаттық жүйе бо­йынша 4 үміткер бақ сынайды. Барлығы – 29 адам. Басқа партиялардан бір өзгешелігі, Respublica-ның 1 партия төрағасы, 7 тең төрағасы бар.

«Партия тең төрағаларының орташа жасы – 35 шамасында. Мәжіліске партиялық тізім бойынша 25 үміткер, ал бір мандаттық жүйе бойынша 5 адам бақ сынайды» деп түсіндірді партияның тең төрағасы Сырымбек Тау сайлауға ұсынылған үміткерлер туралы. Ол партияға мүшелікке көбіне жастар тартылғанын, олардың біразы кәсіпкерлік салада қызмет етіп жүргенін айтты.

«Мәжіліске біздің партия атынан үміткерлер барса, олардың заң шығару саласындағы жұмыс істеуге ­сауаты жетеді деп ойлаймын. Жалпы, біздегі жігіттер мен қыздардың мол тәжірибесі бар. Біздің көзқарасымыз жан-жақты болады» деді С.Тау.

Құрылтайға партия төрағасы Айдарбек Ходжаназаров, тең төрағалар – Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шүкіжанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ партияның 20 аймақтық филиалының өкілдері, белгілі қазақстандық кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің арасында Айдарбек Ходжаназаров Айтуар Қошмамбетов, Әсел Дәкен, Әсем Әбдіра­йымова, Бақытбек Хамит, Бейбіт Әлібеков, Екатерина Смолякова, Қуаныш Шонбай, Нұрлан Қоянбаев және тағы басқалар бар. Бір мандаттық сайлау округтері бойынша партияның атынан саяси додада Бағила Балтабаева, Махамбет Хасенов, Назигул Шаймарданова, Сырымбек Тау бақ сынайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button