Ел тынысы

Үндістанның бизнес делегациясы Қазақстанда

Үндістанның электроника және компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету экспортын ынталандыру жөніндегі кеңесі (ESC) екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және цифрлық инновациялар саласындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін зерделеуге бағытталған 15 адамнан тұратын делегацияның Қазақстанға сапарын ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Үндістан делегациясы өз сапары барысында Қазақстанның АКТ экожүйесіндегі негізгі мүдделі тараптармен, оның ішінде үкіметтік лауазымды тұлғалар мен сала көшбасшыларымен нәтижелі пікірталас өткізді. Бұл пікірталастар цифрлық инфрақұрылымды дамыту, киберқауіпсіздік, электрондық басқару, Заттар интернеті, EdTech және жасанды интеллект пен блокчейн сияқты жаңа технологияларды пайдалану өзара қызығушылық тудыратын салаларға бағытталған.

Делегацияның маңыздылығы туралы айта отырып, ESC төрағасы Сандип Нарула мырза: «ТМД елдеріндегі, әсіресе Қазақстандағы АКТ ортасы ұялы телефонияның дамуы, 5G, OTT технологиясын қолдану, деректерді өңдеу және елдердің инклюзивті цифрлық және халыққа бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруға күш салуының арқасында қарқынды кенейіп келеді. Үндістан Ақпараттық технологиялар секторында көшбасшы, әрі электрондық жабдықтар секторында дамып келе жатқан держава бола отырып, ТМД елдеріне цифрлық амбицияларын іске асыруда даму процесінде серіктес ретінде айтарлықтай қолдау көрсете алады», – деді.

Сапардың маңыздылығына түсініктеме берген Үндістан елшісі Доктор Т. В. Нагендра Прасад Үндістан мен Қазақстанның ортақ міндеттерді шешу және әлеуметтік-экономикалық прогреске жаңа мүмкіндіктер ашу үшін АКТ-ның трансформациялық күшін пайдаланудағы ортақ көзқарасын атап өтті. Ол Үндістан Қазақстанға тегін негізде өзінің әлемге әйгілі цифрлық төлем платформасын – «бірыңғай төлем интерфейсін» ұсынғанын айтты.

Ашвини Кумар Рат мырза Batoi Systems Бас директоры және Үндістан делегациясының жетекшісі Үндістан делегациясының сапарының мақсаты екі ел арасындағы өсуді ынталандыру үшін қарым – қатынас орнату екенін атап өтті. ESC атқарушы директоры Гурмит Сингх мырза бұл бастама екі елдің өндіріс салалары үшін өзара тиімді синергия құратынын жеткізді.

Үнді делегациясымен 150-ден астам қазақстандық делегат кездесті.   Сапар үндістандық компанияларға АКТ-ның әртүрлі салаларындағы озық шешімдері мен тәжірибелерін көрсету үшін платформа ұсынды. Іскерлік кездесулер, технологиялар көрмесі және тәжірибе алмасу сессиялар арқылы делегация стратегиялық әріптестік қатынастарды орнатуға және Қазақстанның өркендеп келе жатқан АКТ нарығында бірлескен кәсіпорындар мен инвестициялар құру мүмкіндіктерін зерделеуге ұмтылды. Үндістан делегациясының АКТ саласындағы Қазақстанға сапары технологияларды прогресс пен өркендеудің катализаторы ретінде пайдаланудағы екі ел арасындағы дамып келе жатқан синергияны көрсетеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button