#Жаңа Қазақстан

Үш апталық үгіт қорытыланды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның республикалық сайлауалды штабында Астанада өткен «ЛРТ – жемқорлық ескерткіші» атты митингінің қорытындысы шығарылып, резолюциясы таныстырылды.

Резолюцияда «жемқорлықтың мемлекетті күйрететіні, адамдар арасындағы сенімділікті азайтатыны, институттарға деген сенімді жоятындығы» айтылды.

Жемқорлықты болдырмау үшін ЖСДП өкілдері парламенттік бақылау орнатуды; мемлекеттік органдардың қайталанатын функцияларын қысқартуды; жемқорларды мерзімінен бұрын босату құқығынан айырып, барынша ұзақ мерзімге жазалауды талап етеді.

Сондай-ақ партияның республикалық штабында жиын өтіп, жұмыстарының аралық қорытындысы шығарылды.

– Үш апталық жұмыстың қорытындысына келдік. Жоспарлаған 500 іс-шараны өткіздік, қазір енді осы соңғы аптада 300 шара жоспарлап отырмыз. Мыңнан астам волонтеріміз бар. 20 өңірде 20 филиалымыз бар. Үгіт-насихат қағаздары, газеттері барлық өңірге жетті толық. Көбісі таратылды, – деді Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тізімі бойынша кандидат Талғат Омаров.

Социал-демократтардың Мәжіліс депутаттығына партия тізімі бойынша үміткерлер өңірлердегі үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Үміткер Мирамбек Камалов Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша селосына барып жергілікті тұрғындармен кездесті. Парламент Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидат Ирина Әлімжанова Шымкент қаласына сапармен барып, жергілікті сайлаушылармен тілдесті.

Ал Қарағанды облысында партия белсенділері сайлаушыларға «Социал-демократ» атты партия­лық басылымның кезекті нөмірін таратты.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button