Үш күнде – 70 мыңнан астам көрермен
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанада 5 этноауыл ашылған болатын. «Қазанат» ипподромы, «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» паркі, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумақтарында орналасқан осы этноауылдарға 3 күн ішінде 70 мыңнан астам елорда тұрғыны мен қонағы кірген.
«Қазанат» ипподромының жанында «Көшпенділер әлемі» этноауылы 13 қыркүйекке дейін сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.
Есіл ауданының аумағында «Бәйтерек» монументінің алаңында этноауыл ашылды. Сағат 11:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Алматы ауданында этноауыл «Қазақ елі» монументінің жанында орналасқан. Ол 10:00-ден бастап ашылады, 23:00-ге дейін жұмыс істейді.
Байқоңыр ауданының аумағында этноауыл «Ататүрік» саябағында ұйымдастырылған. Этноауыл сағат 15:00-ден 20:00-ге дейін ашық.
Нұра ауданының орталық саябағындағы этноауыл сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Елорда тұрғындары, қонақтары мен ойын қатысушылары үшін барлық этноауылға кіру тегін. Ал V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорт жарыстарына билетпен ғана кіруге болады.